Инклюзивті білім беру

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді….».

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың кәсіптік білім алуы және олардың одан әрі қоғамға интеграциялануы олардың табысты әлеуметтенуіне, қоғам өміріне толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге, әртүрлі кәсіби және әлеуметтік қызметте өзін-өзі тиімді жетілдіруге негізгі шарттардың бірі болып табылады